IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын таяуда ғана жеңіп алған әрі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьемен жекпе-жегінен кейін Twitter әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін мені жеңіске жетелеген БАРЛЫҒЫҢЫЗҒА рақмет! Жанкүйерлеріме, адамдарыма, командама, еліме", -деп жазды Головкин өз аккаунтында.
Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды.