Геннадий Головкин жекпе-жекке дайындығын бастап кетті

© vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин  (33-0, 30 КО) осы салмақтағы IBF чемпионы Давид Лемьемен  (34-2, 31 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG тобы хабарлады.

Нью-Йорк, Квебеке және Лос-Анджелес қалаларында болған ірі медиа-турдан кейін Головкин Калифорнияда орналасқан Big Bear лагерінде жаттығу процессіне көшті. Лемьеге қарсы жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында болады. Оны HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы таратады. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Реклама
Реклама

Осыған дейін қазақстандық боксшы мамыр айында америкалық Вилли Монроны жеңген болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Айта кетейік, IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берген еді.

© vk.com/ggolovkin

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама