Геннадий Головкиннің алдағы жоспарлары белгілі болды

А?Ш-та ата?ты бокс шолушыларыны? бірі Дэн Рафаэль орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) алда?ы жоспарларын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

АҚШ-та атақты бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) алдағы жоспарларын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

GGG промоутері Том Леффлермен сөйлескеннен кейін, маман ESPN телеарнасының колонкасында былай деп жазды: "Бүгін Лондонда Том Леффлермен сөйлестім, ол маған Геннадий Головкиннің маусымда жоспарланған жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Ендігі кезекте Головкин "Канело" - Чавес кездесуінің жеңімпазын күтетін болады".

Айта кетейік, осыған дейінгі жазбасында Рафаэль Головкиннің Сондерспен маусымда болжанған жекпе-жегінің болмайтынын жеткізген еді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама