Геннадий Головкин Empire State Building мұнарасын "бағындырды"

Геннадий Головкин Empire State Building мұнарасын "бағындырды" © Boxingscene.com

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі танымал Empire State Building мұнарасын "бағындырды", - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий Головкин Empire State Building мұнарасының және орта дивизионның шыңында", - деп жазды қазақстандықтың промоутері Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Мигель Котто мен австралиялық Дэниэл Гилдің жекпе-жегін тамашалау үшін Нью-Йорктің Barclays Center аренасына арнайы барды. Кездесу барысында пуэрторикан Мигель Котто төртінші раундта Дэниэлді нокдаунға жіберді. Австралиялық орнынан тұрғанымен, бірнеше уақыттан кейін қайтадан құлады. Төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама