25 қараша 2020 07:26

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін уақыт ресми түрде жарияланды

© instagram/gggboxing

IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы DAZN стриминг сервисі Instagram желісіндегі парақшасында ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы IBF титулын қорғау үшін польшалық боксшы Камила Шереметаға қарсы  шығады. 

Реклама
Реклама

"Үлкен драма шоу 18 желтоқсанда оралады", - деп жазылған жекпе-жектің анонсында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAZN Boxing (@daznboxing)

Головкин де Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің анонсын салып, рекордтық 21-ші титулын қорғайтынын атап өтті. 

GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.

Головкин бұған дейінгі кездесуін Нью-Йоркте өткен жылдың қазанында өткізген. Ол кезде украиналық Сергей Деревянченконы жеңген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram