Геннадий Головкиннің үшінші баласы дүниеге келді

viewings icon 870
comments icon 0
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтайды! Геннадийге және оның отбасына денсаулық және бақыт тілейміз!", - делінген федерация сайтында. 

Реклама
Реклама

Головкин жары Алинамен бірге тоғыз жастағы Вадимды (2009 жылы сәурде дүниеге келген) және есімі құпия сақтаулы қызын (2017 жылы қыркүйекте дүниеге келген) тәрбиелеп отыр. 

Вадим Головкин кәсіпқой тұрғыда хоккеймен айналысады. Әкесінің бапкері Абель Санчестің ойынша Головкиннің ұлы болашақта танымал ойыншы болуы мүмкін. Ол әкесімен бірге бірнеше рет ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалаған. 

2017 жылы 7 шілдеде (07.07.2007) Геннадий головкин әйелімен отасқанына он жылдық мерейтойын атап өтті. Оның жары да Қарағанды қаласының тумасы. Үйленгенге дейін олар жеті жыл бойы кездесіп жүрген. Алина Головкиннің екі жоғарғы білімі бар. 

Қазақстандық боксшы 2019 жылы көктемде шаршы алаңға шығады деп күтіледі. 

Tengrinews
Айдос Қосыбаев
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная