ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2020 | 10:43
"GGG әлі де қауіпті". Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBA "уақытша" чемпионы британиялық кіші Крис Юбенк (29-2, 22 KO) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

"Маған атақты адамдар керек, белбеу керек. Бір жылдан аса уақыттан бері қалайтыным - осы. Қазір мен дайынмын. Жаттығып жүрмін. Дәл қазір мен Геннадий Головкинмен қуана жұдырықтасар едім. Бұл өте тартысты жекпе-жек болар еді. Ол әлі де өте қауіпті боксшы. Ол "Канеломен" жекпе-жектерінің бірінде жеңді деп ойлаймын. Тәжірибесі мен күш-жігерін ескере отырып, GGG сияқты боксшыны бағаламауға болмайды. Мен онымен бірнеше жыл бұрын жұдырықтасуға тырысқанмын, бірақ ол Келл Брукпен кездескен болатын. Бұл жекпе-жекті менен тартып алды және оған қатты өкінемін", - деді Юбенк Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, екі тарап 2016 жылы жекпе-жек өткізуге жақын болған, бірақ соңғы сәтте келісе алмай қалған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также