GGG америкалық тележүргізушіні әзіл ретінде спаррингке шақырды

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы, ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) америкалы? тележ?ргізуші ?рі актер Марио Лопесті ?зілдеп спаррингке ша?ырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) америкалық тележүргізуші әрі актер Марио Лопесті әзілдеп спаррингке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Марио Лопестің өзі Twitter желісіндегі парақшасында жазып, Головкиннің видеоүндеуін жариялады.

"Марио, қайдасың? Маған спарринг керек. Сен маған керексің, кел", - деген Головкин видеода.

Реклама
Реклама

"GGG менің келесі аптада Big Bear-ға келгенімді күтіп отыр", - деп жазған видео сипаттамасына Лопес.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама