GGG Боратты жеңді - Головкиннің бұрынғы бапкері

GGG Боратты жеңді - Головкиннің бұрынғы бапкері

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері, Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Головкин-Лемье кездесуіне өз бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадийдің жекпе-жегі өте ұнады, ол өте сауатты жұдырықтасты, - деді Ғалым Кенжебаев. - Гена бірінші раундтан бастап өте жинақы қимылдады, ара қашықтықты сақтап, қолымен жақсы жұмыс жасады. Жалпы айтқанда жекпе-жек Генаның бақылауында өтті".

Ғалым Кенжебаев Головкиннің кез келген салмақ дәрежесінде чемпион бола алатынына сенімді екенін жеткізді. "Ол техникасы арқылы басқа салмақта да жақсы көтеріле алады", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Бұрын Қазақстан деген атауды естігенде бәрі тек Боратты есіне түсіретін еді. Қазір формада немесе куәлікте "Қазақстан" жазуын көргендер тек Головкин туралы сұрайды, - деді ол. - Борат өткен күнде қалды, қазір тек GGG маңызды. Оны бәрі жақсы көреді". Бапкермен болған сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама