Golden Boy басшысы Головкин - Мунгия жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Фото: Getty Images. Brad Barket©

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG командасымен бокстағы ең үздік жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. 2021 жылы Головкин - Мунгия. Екі боксшыны да бұл жекпе-жек қызықтырады және соны қалайды", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя  Twitter-парақшасында. 

Де Ла Хойя Головкиннің 2021 жылғы алғашқы жекпе-жектегі қарсыласы деп болжанатын Мунгияның бокстағы шаруаларымен айналысады. Жекпе-жек мамырда өтуі керек.

Реклама
Реклама

Мунгия кейінгі жекпе-жегін қазанда өткізіп, багамалық ардагер Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.

Айта кетейік, Хайменің орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама