ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2019 | 09:44
Golden Boy президенті "Канело" - GGG трилогиясын өткізуді қалайды
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес FightHype-ке берген сұхбатында компанияның басты жұлдызы Сауль Альваресті рингте кіммен көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл - GGG. Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады. Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тиді. Жарқын жекпе-жек шықты. Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы", - деді Гомес.
Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес. Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды.
Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін "Канело" төрешілер шешімімен жеңген.
DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.
Показать комментарии
Читайте также