ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2022 | 12:28
Головкин 2022 жылы екі жекпе-жек өткізеді. Қарсыластарының есімі аталды
Орта салмақта IBF және IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) биыл екі жекпе-жек өткізеді. The Ring журналисі Майкл Монтеро осындай болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның пікірінше, Головкин орта салмақтағы WBA "суперчемпионы" жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі. Жекпе-жек әуелі желтоқсанға жоспарланған еді, бірақ кейін коронавирусқа байланысты шегерілді.
GGG-дің екінші қарсыласы бірінші орта салмақтағы экс-чемпион мексикалық Джайме Мунгия (38-0, 30 КО) болуы мүмкін. Ол орта дивизионға ауысып, бірнеше рет Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Еске салайық, Головкин кейінгі рет 2020 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Нью-Йоркте өткен айқаста Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, 21-рет белбеуін қорғап қалды.
35 жастағы Мурата кейінгі рет 2019 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шығып, Стивен Батлерден (28-3-1, 24 KO) айласын асырған еді. Енді Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек 2022 жылдың күзінде өтуі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также