ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2020 | 11:45
Головкин 29 нокаутпен жеңіске жеткен боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
Бірінші орта салмақтағы мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия (36-0-0, 29 KO) IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке өткізуге дайын. Бұл туралы Golden Boy Promotions президенті мен мексикалық боксшының промоутері Эрик Гомес айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Хайме GGG иелік ететін атақ үшін күресуге лайық. Бұл орта салмақтағы ең қызық жекпе-жек болатыны анық. Мексиканың жарқын жұлдызы және соңғы 10 жылдағы дивизион чемпионы.
"Жекпе-жек өтсе, ол 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған әлемдік деңгейдегі бокс кешінің бірі болады", - дейді Гомес.
Хайме Мунгия соңғы жекпе-жегін қазанда багамдық боксшы Туреано Джонсон (21-3-1, 15 KO) қарсы өткізген еді. Мексикалық 6-раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, Головкин желтоқсанда польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғап қалған еді.
Осылайша, Головкин аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Осы жекпе-жекке дейін екеуінде де чемпион мәртебесінде 20 жеңіс болған - бұл дивизионның рекорды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также