Головкин 29 нокауты бар экс-чемпионмен келіссөз жүргізіп жатыр

Фото: ESPN

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жекпе-жек өткізу бойынша келіссөз бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ESPN басылымына Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді, ол жекпе-жек 2021 жылдың мамырына жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Бәрі жақсы өтіп жатыр. Менің ойымша, бұл жекпе-жекті өткізуге үлкен мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Қазіргі уақытта біз келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Бельтран.

Реклама
Реклама

Мунгия кейінгі жекпе-жегін қазанда өткізіп, багамалық ардагер Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ал Головкин желтоқсанда Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғаған еді.

Айта кетейік, Хайменің орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама