Головкин әлем чемпионымен келіссөз бастады. Жекпе-жек күні мен орны айтылды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы санаттағы WBA титулының иегері жапониялық Риото Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Крис Мэнникстің айтуынша, тараптар жекпе-жек туралы келіссөз бастады. Ал жекпе-жектің өзі Жапонияда 31 желтоқсанға жоспарланған.

Бұл ақпаратты Головкинмен бірге жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн растады. Бұл ретте Matchroom Boxing басшысы қазақстандық боксшы жазда орта салмақтағы тағы бір чемпион - WBO белбеуінің иегері америкалық Деметрис Андрадемен (30-0, 18 КО), ал қыста Муратамен жекпе-жек өткізеді деп үміттеніп отыр. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин былтыр желтоқсанда АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпады. Сол кезде ол 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама