29 қыркүйек 2018 | 11:40

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін

Камила Долаева Журналист

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев "Чемпионатқа" берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде өткізу туралы өтініш беру жоспарын бөлісті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев "Чемпионатқа" берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде өткізу туралы өтініш беру жоспарын бөлісті. 

Алдыңғы екі жекпе-жек те Американда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы қыркүйектегі бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті, осылайшы Головкин карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырып, WBC, WBA (Супер) және IBO версиясы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды. 

Реклама
Реклама

"Геннадийге реванш өткізуге кеңес берер едім, - дейді Кремлев. -Соңына дейін күресу керек. Үшінші ретте Головкин оны жеңуі мүмкін деп ойлаймын. Жекпе-жектің Ресейде өткенін қалайсың ба? Геннадийге "Канеломен" үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізу туралы ұсыныс айтқалы жүрмін. 

Келесі жылы бокс форумы өтеді. Соңғы күні Головкиннің жекпе-жегін қойғымыз келеді. Ойланып, талқылап көреміз, мүмкін келісетін шығармыз. Форум маусымда болады. Кейінірек барлық мәліметті бөлек жариялаймыз. Әзірше тіпті өтетін аймақты таңдағанымыз жоқ. Таяудағы конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын". 

Еске сала кетейік, Головкин ақпанда Сочиде өткен бірінші халықаралық бокс форумының келбеті болған. Қазақстандық карьерасында сегіз елде жекпе-жек өткізген, бірақ Ресейде рингке шықпаған. 

Мұның алдында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Ол 2019 жылы болуы мүмкін. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная