Головкин - Альварес кездесуінің келіссөздері аяқталуға жақын - промоутер

Мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альваресті? (48-1-1, 34 КО) жекпе-жектерін ?йымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясыны? президенті Эрик Гомес ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) командасымен келісс?зді ая?тау?а жа?ын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөзді аяқтауға жақын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Қазірше біз келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Бірақ келіссөз өткіздік, өткізіп те жатырмыз. Жуырда ғана Том Леффлермен (Головкиннің промоутері) кездесіп, біраз мәселені шешіп алдық. Жоспарымыз - жекпе-жекті қыркүйек айында өткізу. Бірақ "Канело" мамырда Чавеспен жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетпейінше, нақты ештеңені шеше алмаймыз. Альварес - Чавес кездесуі өткеннен кейін Головкиннің командасымен бірден келісімшартқа қол қоямыз деп ойлаймын. Альварес пен Чавес жекпе-жегін Мексика жұрты асыға күтіп отыр. Дегенмен осы жекпе-жектен кейін біз Головкинмен кездескіміз келеді", - деп келтіреді Гоместің сөзін BoxingScene.com порталы. 

Бұған дейін Оскар Де Ла Хойя да "Канело" тек Чавесті жеңуі керек екенін айтты. Содан кейін олар назарын Головкинге аударады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама