Головкин - Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес арасында?ы жекпе-жек Лас-Вегаста (А?Ш, Невада) ?тетін болды. Б?л туралы отандасымызды? промоутері Том Леффлер жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетін болды. Бұл туралы отандасымыздың промоутері Том Леффлер жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

2016 жылы ашылған T-Mobile Arena-ға 20 мыңға жуық жанкүйер сыяды.

Реклама
Реклама

Геннадий Головкин "T-Mobile" Arena кешенінде жекпе-жек өткізбеген. Ал "Канело" болса Лас-Вегастағы осы аренада 10 кездесу өткізген. Оның ішінде Амир Хан мен соңғы рет шаршы алаңға шыққан қарсыласы Хулио Сезар Чавес те бар.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігетін болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама