Головкин - Альварес жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

© bloodyelbow.com

БА? Головкин мен Альваресті? екінші жекпе-жегі ?туі м?мкін жерлер мен уа?ытты атады, деп хабарлады Vesti.kz

БАҚ Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтуі мүмкін жерлер мен уақытты атады, деп хабарлады Vesti.kz

Соңғы мәліметтер бойынша, командалар арасында жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірше нақты мәлімет жоқ, алайда бокс саласының мамандары өз инсайдтарын жариялады.

Мәселен, ESPN шолушысы Дэн Рафаэль сұхбаттарының бірінде жекпе-жектің өтетін жері мен уақытын айтып қалды.

Реклама
Реклама

"Мен Головкин - Альварестің Лас-Вегасқа оралатынына кәміл сенемін, кездесу өткен жолғы T-Mobile аренасында өтеді",- деп келтірді оның сөзін boxingnews24.com.

Әңгіме 15 қыркүйек жөнінде. Бұл күн Мексиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне сәйкес келеді. Олардың бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте өткен еді.

Еске сала кетейік, Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады.

Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Головкин "Канелоның" орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама