Головкин - Альварес жекпе-жегінде жанберіскен айқас болмайды - бапкер

Головкин - Альварес жекпе-жегінде жанберіскен айқас болмайды - бапкер

?аза?станды? боксшылар Иван Дычко мен Данияр Елеусіновті жатты?тыратын америкалы? бапкер Дерик Сантос-Росарио Vesti.kz тілшісіне берген с?хбатында Сауль "Канело" Альвареске ?арсы жекпе-жекте Геннадий Головкинні? же?іске жету м?мкіндігіне ба?а берді.

Қазақстандық боксшылар Иван Дычко мен Данияр Елеусіновті жаттықтыратын америкалық бапкер Дерик Сантос-Росарио Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкиннің жеңіске жету мүмкіндігіне баға берді.

"Бұл жекпе-жек өтсе, жылдың ең тамаша кездесуі болады. Мен Головкиннің жеңіске жету мүмкіндігі 55 пайыз, ал "Канелонікі" 44 пайыз дер едім. GGG-дің басты басымдығы - физикалық күші, алайда, Альварес жылдам әрі епті. Бұл жекпе-жекте жанберіскен айқас болмайды. Қарсыластар өте байыпты болады. Бұл боксшылардың стратегиялық тартысы болмақ", - дейді Сантос-Росарио.

Ал "Канело" 6 мамырда Хулио Сезаром Чавеспен Лас-Вегаста қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек алдында Чавестің жанкүйерлері Головкиннен қашуына байланысты Альваресті біраз мазақтаған. Осыдан кейін, баспасөз мәслихаты кезінде жанкүйер сұрағына жауап ретінде "Канело" Головкинге құрметсіздік көрсеткен еді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама