Головкин - Альварес жекпе-жегінің 5 мамырда өтпеуіне 5 себеп

© Getty Images

2018 жылды? басты спортты? сайысына балан?ан к?сіп?ой бокста?ы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында?ы екінші жекпе-жек 5 мамырда ?тпеуі м?мкін. Осы?ан орай Vesti.kz тілшісі жекпе-жекке кедергі болып отыр?ан бес негізгі себепті атады.
 
Б?ріне кедергі бол?ан кленбутерол ?осыл?ан ет пе?

Наурыз айыны? басында мексикалы? боксшыны? допинг сынамасынан кленбутерол табылды. Б?л препарат адам?а б?лшы?ет к?лемін ?сіруге ж?не майды жою?а к?мектеседі. Ал спорттан тыс б?л препарат жануарларды? салма? ?осуы ?шін де пайдаланылады екен.

"Канело" ?алай а?талды? Ол б?л препарат ?анына ет ар?ылы т?скенін айтты. Боксшы, болмаса оны? д?рігер мамандары (диетолог) етті? за?ымдал?анын білмеген. Шын м?нінде к?сіби спортшы не жеуді, ?айдан жеуді білуі керек емес пе? ?лде мексикалы?ты? б?л бір ??йтыр?ы ?рекеттеріні? бірі ме? Б?лкім, жекпе-жекке дайын емес пе екен?

Сауль Альваресті? ?анынан допинг табыл?аны туралы а?парат жариялан?ан с?ттен бастап, спорт сарапшыларыны? ойы сан са??а кетті. Тіпті б?л жекпе-жек алдында?ы "?ара пиарды?" бірі деп ба?ала?андар да болды.

Спорт жанк?йерлері ?ос боксшы арасында?ы кездесу ?тпей ?ала ма деп ?у бастан ала?да?ан. Билеттер де сатылып кеткен. Десе де спорт сарапшыларыны? к?пшілігі б?л жекпе-жекті? ?тпей ?алуына к?м?нмен ?ара?ан-ды. ?йтсе де 5 мамырда ?тпей ?алуына себеп артып келе жат?андай...

1. Жекпе-жек НВО арнасыны? ба?дарламасынан алынып тасталды

?ос боксшы арасында?ы жекпе-жек НВО арнасыны? ба?дарламасынан алынып тасталды. Себебі мексикалы? боксшы ?азір жарыстардан уа?ытша шеттетілген. Б?л - бокс кешіні? ?тпеу ?алуына басты себеп болмауы да м?мкін. ?йтсе де телеарна ?шін б?лай жасау тиімді де емес. Невада штатында?ы Атлеттер комиссиясы (NSAC) Сауль Альвареске ?атысты шешімді 10 с?уірде шы?арады. Одан кейінгі аралы? арна жарнамасы ?шін аз болуы да ы?тимал.

2. Билеттер кері ?айтарыла бастады - БА?

?ос боксшы арасында?ы билеттер жылдам сатылып кеткен еді. Б?гін Fightnights.com басылымы ?ос боксшы арасында?ы жекпе-жек билеттеріні? кері ?айтарыла баста?анын хабарлады.

"Орта салма?та?ы Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасында?ы ?за? к?ткен жекпе-жекті? болмай ?алу ?аупі бар.

Las Vegas Review-Journal шолуында MGM компаниясыны? ресми ?кілі билет сатып ал?ан жанк?йерлер оны ?айтара алатыны туралы м?тіндік хабарлама тарат?аны айтыл?ан", - деп хабарлайды басылым.

И?, билеттерді? кері ?айтарылуы - жекпе-жекті? ?тпеуіні? ай?ын бір д?лелі бола алады. ?йтсе де БА?-та жариялан?ан а?парат шынды??а жанаса ма, жанаспай ма, ол жа?ы ?лі белгісіз.

3. ?йымдастырушылар жарнама ж?мысын то?татты

?ос боксшы арасында?ы бокс кешін ?йымдастырушылар жарнамалы? ж?мыстарды то?тат?ан. Los Angeles Times а?параты бойынша Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешіне ?атысты іс-шараларды ?йымдастырып жат?ан жо?. НВО арнасы жарнамалары тізімінде де жо?

4. "Канело" жарыстардан ?анша уа?ыт?а шеттетіледі?

Los Angeles Times хабарла?андай, мексикалы? боксшы 1 жыл?а дейін спорттан шеттетілуі м?мкін. Кленбутерол м?лшеріне ?арай жарты жыл болуы да м?мкін. "Канелоны?" 17 ж?не 20 а?панда?ы допинг сынамалары с?тті бол?ан жо?. Сонды?тан ?андай да бір жаза ?олданылуы тиіс.

5. ?ос боксшы арасында?ы жекпе-жек ?айта к?зде ?туі м?мкін
 
ESPN арнасыны? сарапшысы, танымал бокс маманы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасында?ы жекпе-жекті? 5 мамырда ?тпейтініне сенімді.

"Мен к?пжылды? т?жірибеме с?йенетін болсам, б?л жекпе-жек 5 мамырда ?тпейді. О?ан сенімдімін. Комиссия жекпе-жекті? ?туіне р??сатын бере ?оймас. Альварес д?лелдей алмайды. "Канело" мен оны? командасы допинг ережесіне сал?ырт ?арады. Кем дегенде 6 ай?а спорттан шеттетілуі керек. Сонда жаза мерзімі 17 тамыз?а тура келеді. Ал Головкин болса, 5 мамыр к?ні ?зге боксшымен ж?дыры?тасуы м?мкін. Болмаса жаз айларында бір жекпе-жек ?ткізеді. Ал екі боксшы та?ы да Мексика еліні? т?уелсіздігі (17 ?ырк?йек) к?ні ж?дыры?тасуы бек м?мкін, - дейді.

2018 жылдың басты спорттық сайысына баланған кәсіпқой бокстағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтпеуі мүмкін. Осыған орай Vesti.kz тілшісі жекпе-жекке кедергі болып отырған бес негізгі себепті атады.
 
Бәріне кедергі болған кленбутерол қосылған ет пе?

Наурыз айының басында мексикалық боксшының допинг сынамасынан кленбутерол табылды. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен.

"Канело" қалай ақталды? Ол бұл препарат қанына ет арқылы түскенін айтты. Боксшы, болмаса оның дәрігер мамандары (диетолог) еттің зақымдалғанын білмеген. Шын мәнінде кәсіби спортшы не жеуді, қайдан жеуді білуі керек емес пе? Әлде мексикалықтың бұл бір құйтырқы әрекеттерінің бірі ме? Бәлкім, жекпе-жекке дайын емес пе екен?

Сауль Альварестің қанынан допинг табылғаны туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап, спорт сарапшыларының ойы сан саққа кетті. Тіпті бұл жекпе-жек алдындағы "қара пиардың" бірі деп бағалағандар да болды.

Спорт жанкүйерлері қос боксшы арасындағы кездесу өтпей қала ма деп әу бастан алаңдаған. Билеттер де сатылып кеткен. Десе де спорт сарапшыларының көпшілігі бұл жекпе-жектің өтпей қалуына күмәнмен қараған-ды. Әйтсе де 5 мамырда өтпей қалуына себеп артып келе жатқандай...

1. Жекпе-жек НВО арнасының бағдарламасынан алынып тасталды
Реклама
Реклама

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек НВО арнасының бағдарламасынан алынып тасталды. Себебі мексикалық боксшы қазір жарыстардан уақытша шеттетілген. Бұл - бокс кешінің өтпеу қалуына басты себеп болмауы да мүмкін. Әйтсе де телеарна үшін бұлай жасау тиімді де емес. Невада штатындағы Атлеттер комиссиясы (NSAC) Сауль Альвареске қатысты шешімді 10 сәуірде шығарады. Одан кейінгі аралық арна жарнамасы үшін аз болуы да ықтимал.

2. Билеттер кері қайтарыла бастады - БАҚ

Қос боксшы арасындағы билеттер жылдам сатылып кеткен еді. Бүгін Fightnights.com басылымы қос боксшы арасындағы жекпе-жек билеттерінің кері қайтарыла бастағанын хабарлады.

"Орта салмақтағы Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы ұзақ күткен жекпе-жектің болмай қалу қаупі бар.

Las Vegas Review-Journal шолуында MGM компаниясының ресми өкілі билет сатып алған жанкүйерлер оны қайтара алатыны туралы мәтіндік хабарлама таратқаны айтылған", - деп хабарлайды басылым.

Иә, билеттердің кері қайтарылуы - жекпе-жектің өтпеуінің айқын бір дәлелі бола алады. Әйтсе де БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаса ма, жанаспай ма, ол жағы әлі белгісіз.

3. Ұйымдастырушылар жарнама жұмысын тоқтатты

Қос боксшы арасындағы бокс кешін ұйымдастырушылар жарнамалық жұмыстарды тоқтатқан. Los Angeles Times ақпараты бойынша Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешіне қатысты іс-шараларды ұйымдастырып жатқан жоқ. НВО арнасы жарнамалары тізімінде де жоқ

4. "Канело" жарыстардан қанша уақытқа шеттетіледі?

Los Angeles Times хабарлағандай, мексикалық боксшы 1 жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін. Кленбутерол мөлшеріне қарай жарты жыл болуы да мүмкін. "Канелоның" 17 және 20 ақпандағы допинг сынамалары сәтті болған жоқ. Сондықтан қандай да бір жаза қолданылуы тиіс.

5. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек қайта күзде өтуі мүмкін
 
ESPN арнасының сарапшысы, танымал бокс маманы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің 5 мамырда өтпейтініне сенімді.

"Мен көпжылдық тәжірибеме сүйенетін болсам, бұл жекпе-жек 5 мамырда өтпейді. Оған сенімдімін. Комиссия жекпе-жектің өтуіне рұқсатын бере қоймас. Альварес дәлелдей алмайды. "Канело" мен оның командасы допинг ережесіне салғырт қарады. Кем дегенде 6 айға спорттан шеттетілуі керек. Сонда жаза мерзімі 17 тамызға тура келеді. Ал Головкин болса, 5 мамыр күні өзге боксшымен жұдырықтасуы мүмкін. Болмаса жаз айларында бір жекпе-жек өткізеді. Ал екі боксшы тағы да Мексика елінің тәуелсіздігі (17 қыркүйек) күні жұдырықтасуы бек мүмкін, - дейді.
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама