Головкин - Альварес жекпе-жегінің келіссөздері 90 пайызға аяқталды

Головкин - Альварес жекпе-жегінің келіссөздері 90 пайызға аяқталды

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті, орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жұмыстарымен айналысатын Эрик Гомес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) келіссөздер аяталуға жақын қалғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз де GGG - "Канело" жекпе-жегін ұйымдастырғымыз келеді. Том Леффлермен (Головкиннің промоутері) бірнеше рет келіссөз жүргіздік. Қазір келіссөздер аяқталуға жақын. Бір-екі ақылдасып алатын мәселе қалып отыр. Жалпы мен келіссөздер 90 пайызға аяқталды деп айта аламын. Біз GGG-дің сыйақысын да бұрынғыға қарағанда көбейттік", - дейді Гомес. 

Сондай-ақ промоутер бұл жекпе-жек үшін Головкинге 10 миллион доллар ұсынғанын айтты. Бірақ бұл тек келіссөздердің бірінші сатысында айтылған екен. Ал қазір сыйақы көрсеткіші едәуір өскен.

Жарнама
Жарнама
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама