Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмақ өлшеді

© wbcboxing.com

Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен ?тетін екінші кездесуіне жеті к?н ?ал?анда салма? ?лшеуден ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өтетін екінші кездесуіне жеті күн қалғанда салмақ өлшеуден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Головкиннің салмағы - 163,8 фунт (74,3 келі). Салмақ өлшеу сәтінің суретін WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады.

Ұйымның ережесі бойынша, чемпион мен титулға үміткер кездесуге 30 және 7 күн қалған кезде салмақ өлшеуі тиіс. Барлық ұйым үшін ресми салмақ өлшеу кездесуге бір күн қалғанда өтеді. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Альварес алғашқы кездесуде WBC үшін салмақ өлшеуден өтпеді, себебі чемпиондық белбеу тек Головкин үшін тігілген еді.

Кездесуден бір жыл өткенде боксшылар Лас-Вегаста тағы T-Mobile аренасында кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша таңертең 16 қыркүйекте өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама