Головкин Альвареспен жекпе-жегінің қарсаңында тағы бір видео жариялады

© vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) ?тетін жекпе-жекті? алдында видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жектің алдында видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роликте GGG промоутері Том Леффлер мен бапкері Абель Санчестің пікірі, Лас-Вегасқа ұшып келгендегі сәт және Головкиннің атақты MGM Grand қонақүйіне келгендегі сәті түсірілген. Сол жерде қазақстандық пен мексикалық боксшылардың бірге өткен бірінші шарасы болды.  

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин жанкүйерлер алдына америкалық The White Stripes тобының Seven Nation Army әнімен шықты. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама