Головкин әшкере болды. Джейкобске құрметім зор - Тайсонның экс-бапкері

Бадди Макгирт. © Sports.ru

Орта салма?та?ы ?лемні? б?рын?ы чемпионы, америкалы? бапкер Бадди Макгирт BoxingNews24 басылымына берген с?хбатында отандасы Даниэл Джейкобсты? ?аза?станды? Геннадий Головкинмен ?ткізген жекпе-жегіндегі ?рекеттерін жо?ары ба?алады. 

Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық бапкер Бадди Макгирт BoxingNews24 басылымына берген сұхбатында отандасы Даниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегіндегі әрекеттерін жоғары бағалады. 

Айта кетейік, бапкер Бадди Макгирт Майк Тайсон, Артуро Гатти, Джеймс Тони және басқа да боксшылармен жұмыс істеген.

"Меніңше, GGG әшкере болды. Мен үнемі оған оның соққысын ұстай алатын мықты боксшы пайда болса, жұмбағы шешілетінін айтатынмын. Осылай болды да. Мен таңғалып тұрмын", - деді Бадди Макгирт.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, америкалық бапкер осыған дейін ақпан айының басында әйелдер арасында қазақстандық жалғыз кәсіпқой боксшы Фируза Шариповаға бірге жұмыс істеуді ұсынған болатын.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартқаннан кейін Джейкобс IBF тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласу құқығынан айырылып қалған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама