Головкин Астанада жекпе-жек өткізу жөнінде пікірін айтты

© SoHood.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Vesti.kz сайтына берген с?хбатында америкалы? Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек ?ткізу м?мкіндігін, сонымен ?атар Астанада кездесу ?ткізу жайлы пікірін айтып ?тті.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Vesti.kz сайтына берген сұхбатында америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін, сонымен қатар Астанада кездесу өткізу жайлы пікірін айтып өтті.

Головкинның айтуынша, Джейкобспен келіссөздер жүргізіліп жатыр. "Келіссөздер аяқталып қалады деген үміттеміз. Қазір біздің қарастырып жатқан жағдайларымыз аса көп емес. 2017 жылға жоспарымыз көп. Джейкобспен кездесу жыл басына жақсы шара болар еді. Жанкүйерлер де бұл жекпе-жекті бағалар еді деп ойлаймын", - чемпион.

Сонымен қатар, GGG Астанада жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты. Алайда, Головкинның айтуынша, бұл туралы нақты мәлімет жоқ. "Астанада жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді бірнеше рет айтқанмын. Астанамызды үлкен жекпе-жек өткізуге болатын үздік қалалардың қатарында көрсетуге болады. Бұл Қазақстан тарапынан түсінік болса ғана, мүмкін. ЭКСПО қарсаңында жекпе-жек өткізу мүмкін болса, мен қуанар едім. Оның үстіне, көрме жайлы бүкіл әлемге хабар берер едік, ЭКСПО-2017 идеясын жағымды тұсынан ғана жеткізер едік", - деді ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама