Головкин атағын қорғау жекпе-жектерінің барлығын нокаутпен аяқтап, өзінің жеке рекордын орнатады - Санчес

© AllBoxing.ru

Геннадий Головкинны? бапкері Абель Санчес боксшыны? алда?ы жоспарлары жайында с?з б?лісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес боксшының алдағы жоспарлары жайында сөз бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкин даңқты Бернард Хопкинстің рекордынан асуға ұмтылуда. Нақтырақ айтса, орта салмақта абсолютті чемпион атанып, чемпиондық атауын 20 рет қорғап шығуды ойлап жүр. Қазіргі таңда қазақстандық атағын 17 рет қорғады. 

"Головкин өз салмағындағы төрт атаққа да қол жеткізуге тырысып жүр. Головкин үшін Хопкинс үлгі деп айтуға келмейді, бірақ Геннадий оның рекордын жаңартқысы келеді. Бернард орта салмақтағы соңғы абсолютті чемпион болды, осы үшін Головкин оның жетістігін жоғары бағалайды.

Реклама
Реклама

Головкин осымен тоқтап қалмайды, ол атағын 20 реттен артық қорғағысы келеді. Сонымен бірге, Головкин өз рекордын орната алады - белбеуді қорғау жекпе-жектерінің бәрін нокаудпен аяқтау. Мен мұндайды ешкім, ешқашан істемеген деп ойлаймын", - дейді Санчес.

Мұның алдында бапкер келесі жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкіндігін айтқан болатын. Ол маусым айында өткізіледі деп күтілуде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама