Головкин "Бокс аңызы" сыйлығын алды

© sports.kz

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) "Жыл боксшысы" аталымында "Бокс а?ызы" сыйлы?ын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) "Жыл боксшысы" аталымында "Бокс аңызы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сочидегі халықаралық бокс форумында салтанатты табыстау рәсімі өтті. Қазақстандық боксшыға сыйлықты WBC президенті Маурисио Сулейман табыстады. 

"Жыл адамы" болып Франко Фальчинелли танылды, ол бұрындары Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) төраға қызметін орындаушы болып қызмет еткен. "Жыл оқиғасы" - Ресей бокс федерациясы 22 шілдеде Ресейлік бокс күні шарасын Мәскеудегі Қызыл алаңда өткізуі. 

Реклама
Реклама

"Жыл жекпе-жегі - қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы кездесу. Техника тұрғысынан ең мықты боксшы - венесуэлалық Хорхе Линарес. Жыл жобасы - Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS), "Аңыз" номинациясында - КСРО құрамында өнер көрсеткен олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы Борис Лагутин. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама