ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қаңтар 2020 | 17:32
Головкин - Деревянченко кездесуі 2019 жылдың үздік жекпе-жегі болып танылды
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы титулдық кездесу Boxingscene.com тұжырымы бойынша 2019 жылдың үздік жекпе-жек болып танылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы титулдық кездесу Boxingscene.com тұжырымы бойынша 2019 жылдың үздік жекпе-жек болып танылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 5 қазанда Ньюй-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында кездесті. Кездесудің жеңімпазына орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтары бәске тігілді.
"Жекпе-жек басталысымен, Головкин бірінші раундта қарсыласын есеңгірету арқылы, жекпе-жек ұзаққа созылмайды деп ойлады. Алайда GGG ол кезде спорттық мансабында ең ауыр кездесуді өткізетінін ойламады да. Деревянченко мен Головкин қалған 11 раунд бойы нағыз айқас ұйымдастырды, оны бокс жанкүйерлері де көре алды.
Головкиннің әр соққысына Деревянченко қарап тұрмай, қарымтасын қайтарып отырды. Олар ауыр соққыларын бір-біріне дарытып, шыдамдылық танытты", - деп жазады басылым.
12 раунд аяқталған соң төрешілер (115-112, 115-112, 114-113) шешім шығарып, Головкинге жеңісті берді.
Показать комментарии
Читайте также