13 қаңтар 2021 | 16:31

Головкин "дивизион королі" атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

© Тұрар Қазанғапов

Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зауэрланд Головкинмен жекпе-жекті орта салмақта өткізуге болатынын айтады

Реклама
Реклама

"Адамдар жас немесе басқа нәрсе туралы айтады. Головкин желтоқсанда кәрі көрінген жоқ. Тіке айтайық - ол соңғы он жыл ішінде орта салмақтағы көшбасшы", - деді ол Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Головкин аңызға айналды.

"Меніңше, бұл жекпе-жек Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ауқымды кездесу болмақ", - деді Калле Зауэрланд.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың жекпе-жегі мамыр айында болады деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная