Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 2017 жылға қалады - Том Леффлер

© Tengrinews.kz

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF н?с?алары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинны? (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер боксшыны? биыл жекпе-жек ?ткізбейтінін м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер боксшының биыл жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша,WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жүргізген келіссөздер ұзаққа созылып кеткен. Осыған байланысты жекпе-жек 2017 жылға қалдырылды. Айта кетейік, бастапқыда кездесу биыл 10 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған болатын.

"Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобспен өткізеді", - деп келтіреді Леффлердың сөзін RingTV телеарнасы. - Геннадий заманауи бокстағы ең белсенді спортшы, сондықтан оған міндеттелген жекпе-жектер бойынша жүргізілетін келіссөздер ұзаққа созылуы мүмкін. 10 желтоқсанға дейін аз уақыт алды, сондықтан біз бұл жекпе-жекті 2017 жылға қалдырып отырмыз".

Реклама
Реклама

Ал Джейкобстың бапкері Андре Розье биыл спортшысының Головкинмен жекпе-жек өткізбейтінін жайлы мәліметті растады. Бапкер дайындалуға аз уақыт қалды деген себеппен кездесудің болмайтынын айтты. Оның айтуынша, Джейкобс әлі дайындалмаған да. Егер де жекпе-жек 10 желтоқсанда өтсе, дайындалуға алты апта уақыт қана қалады. Америкалық боксышының бапкері Джейкобстың мұндай кездесуге кем дегенде 10-12 апта дайындалғанынын қалайды екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама