Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша тұрады?

2017 жылы 18 наурызда Нью-Йоркте ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасында?ы жекпе-жекті барып к?ру ??ны бір ?аза?станды? ?шін ?анша т?ратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылы 18 наурызда Нью-Йоркте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті барып көру құны бір қазақстандық үшін қанша тұратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр - 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны - 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді. Сонымен қатар, егер сіз жоғарғы деңгейдегі жағдайды қаласаңыз, үстіне ақша қосып, пакетіңізді жоғарылата аласыз.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама