Головкин Джейкобспен өткізетін жекпе-жегі үшін қанша ақша алады?

Головкин Джейкобспен өткізетін жекпе-жегі үшін қанша ақша алады? © vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (36-0, 33 КО) америкалы? боксшы Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегі ?шін ?анша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин 2,5 миллион доллар, ал Джейкобс - 1,75 миллион доллар алады. Олардың жекпе-жегін HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Боксшылар осыдан да өз пайыздарын алуы мүмкін. 

Головкин - Джейкобс андеркартында тағы бір чемпиондыққа талас жекпе-жек өтеді. Никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалес WBC белбеуін таиланд боксшысы Висаксил Вангектен қорғайтын болады. Чемпион 550 мың доллар, ал қарсыласы - 55 мың доллар алады. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Vesti.kz Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне арналған байқау өткізіп жатыр, оқырмандар кездесудің қорытындысын табуы тиіс, сонда олар 10 мың теңге ұтысты иеленуі мүмкін. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама