Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізуден бас тартты

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF н?с?алары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин 10 желто?санда Джейкобспен ?туі тиіс кездесуден ресми т?рде бас тартты, - деп хабарлайды Boxing News 24. Айта кетейік, осы?ан дейін ?аза?станды? боксшы орта салма?та?ы ?лем чемпионы америкалы? Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек ?ткізуді жоспарла?ан болатын.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 10 желтоқсанда Джейкобспен өтуі тиіс кездесуден ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Boxing News 24. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын.

Басылымның мәліметінше, Головкин мен Джейкобстың командалары соңғы апта ішінде "саудаласып", соңында келісімге келе алмаған. Осыған байланысты қазақстандық Головкинге кездесуден бас тартуға тура келген. Енді екі боксшының жекпе-жегі 2017 жылға қалдырылып, ақпан немесе наурыз айында өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, осыған дейін Джейкобстың бапкері Андре Розье де биыл спортшысының Головкинмен жекпе-жек өткізбейтіні жайлы мәліметті растады. Бапкер дайындалуға аз уақыт қалды деген себеппен кездесудің болмайтынын айтты. Оның айтуынша, Джейкобс әлі дайындалмаған да. Егер де жекпе-жек 10 желтоқсанда өтсе, дайындалуға алты апта уақыт қана қалады. Америкалық боксышының бапкері Джейкобстың мұндай кездесуге кем дегенде 10-12 апта дайындалғанынын қалайды екен.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама