Головкин El Paso Times нұсқасы бойынша сегіз номинацияның жеңімпазы атанды

Головкин El Paso Times нұсқасы бойынша сегіз номинацияның жеңімпазы атанды © plus.google.com

El Paso Times америкалы? басылымы 2016 жылды ?орытындылап, ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинді сегіз номинацияны? же?імпазы деп таныды. Номинацияларды? жалпы саны - 21. Б?л туралы Vesti.kz сайты хабарлайды.

El Paso Times америкалық басылымы 2016 жылды қорытындылап, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сегіз номинацияның жеңімпазы деп таныды. Номинациялардың жалпы саны - 21. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды.

Сонымен, басылым Головкинді pound-for-pound ең мықты боксшысы, ең мықты панчер, ең мықты боксшы, оң қолмен де сол қолмен де ең ауыр соққылардың иесі, денеге соққы және джеб және ең қызықты жекпе-жек авторы деп таныды. Осыған қоса, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 2017 жылдың ең үздік кездесу болмақшы. 

El Paso Times нұсқасы бойынша номнацияларды жеңіп алған боксшылар: Роман Гонсалес, Эррола Спенса (жылдамдығы үшін), Гильермо Ригондо (қорғанысы үшін), Карл Фрэмптон (бағаланбаған боксшы), Сауль Альварес (асыра мақталған), Тони Викс (үздік рефери), Абель Санчес (ең үздік бапкер) және Джимми Леннон (ең үздік ринг-анонсер атанды).

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама