09 маусым 2019 11:15

Головкин Instagram желісінде нокаут сәтінен суреттер жариялады

Дина Муратова Редактор
© фото: gggboxing

Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің суреттерін жариялады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жекпе-жектің суреттерін жариялады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық боксшы Cтив Роллспен өткен жекпе-жектің суреттерін жарияланған.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Lights out. It felt great being back in the ring.

Публикацымвмия от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) 8 Июн 2019 в 9:26 PDT

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Compubox жүйесінің мәліметіне сүйенсек, төрт раундта Головкин 223 соққы жасаған. Оның 62-сі дәл тиген (28 пайыз). Головкин жұмсаған 108 джеб соққысының 14-і дәл тиген (13 пайыз). Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 104 ауыр соққы жасаған. Оның 48-і дәл болған.

Ал Роллс қарсыласына қарағанда әлдеқайда аз соққы жасаған. Оның 175 соққысының 38-і дәл тиген (22 пайыз). Стив жұмсаған 71 джеб соққының 13-і дәл болған (18 пайыз). Сондай-ақ канадалық боксшының 104 ауыр соққысының 25-і дәл тиген (24 пайыз). 

Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі. 

Сонымен қатар, Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram