ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2020 | 09:10
Головкин жарақат алып, жекпе-жегі кейінге қалды
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуы кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуы кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ESPN журналының мәліметінше, боксшы жарақат алып қалған. Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымына титул қорғауды шегеруді сұрады.
Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығады деп жоспарланған болатын, алайда кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы белгіленген болатын. Сондай-ақ, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкін екені де айтылған еді.
Спорт порталының мәліметінше, енді DAZN өкілі Головкин - Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақытты қарастырып жатыр. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
"Өлтіргім келмейді". Головкин әр жекпе-жегінің қарсаңында қандай мәлімдеме жасаған
Показать комментарии
Читайте также