ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2022 | 09:24
Головкин жеңісінен кейін "Канеломен" трилогия туралы сұраққа жауап берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен трилогия жасау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен трилогия жасау туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Геннадий Головкин жапониялық Риото Муратаны нокаутпен жеңгеннен кейін, жүргізуші GGG-ден Альвареспен үшінші жекпе-жек туралы ойын сұрады.
"Менің ойымша, бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біздің келесі жекпе-жек қалыс қалмайды. Мамырдың соңына дейін жағдайды білгім келеді", - деп жазды vRINGe.com Головкиннің сөзін.
Еске салайық, трилогия қыркүйекке жоспарланған. Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары кездесті. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталып, дау тудырған болатын. Ал екінші кездесуде мексикалық жеңіп кетті. Ол 7 мамырда ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізгелі жүр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также