Головкин - "Канело" жекпе-жегі қалай аяқталады? Бес болжам

Головкин мен Альварес. © twitter.com

Журналист Алден Чодаш Boxingnews24.com порталында жарияла?ан ма?аласында орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? арасында 16 ?ырк?йекте ?тетін жекпе-жекті? ?орытындысына бес т?рлі болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист Алден Чодаш Boxingnews24.com порталында жариялаған мақаласында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жектің қорытындысына бес түрлі болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Автордың пайымдауынша, Альварес төрешілердің көбісінің шешімімен жеңіске жетеді. 

"Бірінші қорытынды: "Канело" нокаутпен/техникалық нокаутпен жеңеді

Реклама
Реклама

Ықтималдығы: тым аз

Екінші қорытынды: "Канело" бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетеді. 

Ықтималдығы: 20 пайыз

Үшінші қорытынды: "Канело" етене ұрыста төрешілер шешімімен жеңіске жетеді

Ықтималдығы: 60 пайыз

Төртінші қорытынды: Головкин етене ұрыста төрешілер шешімімен жеңіске жетеді

Ықтималдығы: 50 пайыз

"Бірінші қорытынды: Головкин нокаутпен/техникалық нокаутпен жеңеді

Ықтималдығы: 40 пайыз

Болжанған қорытынды: "Канело" төрешілердің көбісінің шешімімен жеңіске жетеді", - делінген мақалада. 

Флойд Мейвезер мен оның әкесі алдағы жекпе-жекте мексикалық боксшының жеңіске жететінін айтқан еді. Ал украиналық Владимир Кличконың бапкері Джеймс Али Башир Головкиннің сөзсіз жеңіске жететініне сенімді. 

Өз кезегінде Альварстің промоутер бұл жекпе-жектің сегіз раундтан аспайтынын болжайды. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама