1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин Канелоға қатысты пікір білдірді

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареске көзқарасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына

Фото:instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареске көзқарасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин Сауль ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жекпе-жекте жеңіліп қалғанын еске салып, мексикалықтың pound-for-pound рейтингіндегі орнын қарамағанын айтты.

"Білмедім. Ол туралы мүлде ойламаймын. Ол туралы ойлау үшін көңіл бөлу керек. Оның соңғы жекпе-жегінде жеңілгенін білемін. Одан басқа тағы не айту керек? Маған қарағанда оның жеңілісі көп. Басқа не деймін?" - деп келтіреді боксшының сөзін ESNews сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегі алдында Канелоға айтары жоғын мойындады.

Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты

"Мен оған не деймін? Мен оған қарадым - оған не айтуым керек? Айтқым келгеннің бәрін айттым. Егер ол мен жаман нәрсе айтты деп ойласа, ойлай берсін. Біз бір-бірімізге қарадық, егер айтқымыз келсе, айтар едік. Көзбе көз ештеңе айтпайды", - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өтеді. Біріншісі (2017 жылы) даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде (2018 жылы) мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!