ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2022 | 11:12
Головкин Канеломен жекпе-жегі алдында сұхбат берді
Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Юлия Милова Лас-Вегастан.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жекке дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Юлия Милова Лас-Вегастан.
Қазақстандық боксшының пікірінше, ол мексикалықпен текетіресте 2-0 есебімен алда тұр және Канело статистиканы нашарлатпау үшін көп нәрсе жасауы керек.
- Канело жеңіліп қалса, мексикалықтар қуанады деп ойлайсыз ба?
- Бұл туралы ойламадым. Бірақ екі тараптың да өз жанкүйерлері бар, оның ішінде Мексика жағынан да.
- Канело сізді зейнетке шығаратыны туралы айтылғандар мезі етті ме?
- Мен бұған мүлдем назар аудармаймын. Тіпті кейінгі уақытта оның айтқанын тыңдамаймын. Сондықтан бұл маған қызық болмады. Шын мәнінде, оның айтқанының бәрі маған қызық емес. Бұл - оның пікірі.
Сіздің ойыңызша, бокс жанкүйерлерінің қысымы Канелоның жекпе-жекке келісуіне әкеп соқты ма?
- Менің ойымша, бұл қысым емес. Менің ойымша, бұл жекпе-жектің уақыты келді, ол Канелоға керек.
- Сіз Канелоны жеңсеңіз, бұл сіздің үшінші жеңісіңіз болады деп ойлайсыз ба?
- Мен жеңсем, солай сезінемін. Себебі өзімді 2-0 есебімен жеңдім деп білемін. Канело 3-0 болмауы үшін көп нәрсе жасауы керек.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также