Головкин "Канеломен" реванш өткізуді сұрады
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйым чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" чемпиондығын міндетті қорғау керек шығар, бірақ, өз еркімен де істеуіне болады. Алайда Головкин де қарымта сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек діттелген жоқ, дегенмен, өткізуге ниет білдрді", - дейді Сулейман Киевте өтіп жатқан WBC конвенциясы кезінде.
Боксшылар 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қарымта жұдырықтасып, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен. Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалды.
Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.