ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2020 | 09:53
Головкин Канеломен үшінші кездесудің шарттарын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Олар бірінші жекпе-жекте тең түскен, ал екіншісінде - мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Геннадий Головкин қандай жағдайда Канеломен үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин трилогияға ашық екенін айтты.
"Альварес біздің үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін ашық айтты. Ол ең жақсы ұсынысты күткенін жеткізді. Бұл оны мазалайтын ең басты нәрсе. Ол сол ұсынысты қабылдаса - мен үшін де солай - екеумізге де өзімізге ұнайтын ұсыныс түссе, онда үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін. Бірақ тараптардың біріне ұсыныс ұнамаса, бұл басқа мәселе. Көп уақыт өтті, жағдай өзгерді, қазір ол басқаша, көзқарас та басқа", - деп жазды The Athletic Головкиннің сөзін.
Еске салайық, Головкин мен Канелоның 2017 жылы қыркүйекте болған алғашқы жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталған еді, ал 2018 жылғы қыркүйектегі екінші жекпе-жекте - мексикалық жеңді.
Жақында Геннадий Головкин мен Сауле Альварес рингке оралды. Головкин поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңсе, Канело төрешілердің шешімімен ұлыбританиялық Каллум Смиттен басым түсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также