Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке дайындығын бастады © vk.com/ggolovkin

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) ?тетін жекпе-жекке дайынды? жатты?уларын бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Б?л туралы оны? бапкері Абель Санчес м?лімдеді. Жатты?у процесі ?деттегідей Калифорнияда?ы Big Bear кешенінде ?теді. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке дайындық жаттығуларын бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді. Жаттығу процесі әдеттегідей Калифорниядағы Big Bear кешенінде өтеді. 

"Ертең ол жаттығу лагеріне келеді. Біз жаттығуларды бастаймыз. Мен оның мықты болуы үшін жаттығуларға бар күшін салатынына сенемін. Қарсылас та осы мәселені ескеруі тиіс. Бізде "Канелоны" соңғы раундтарда құлатуға немесе төрешілер шешімімен жеңіске жетеміз деген үміт бар", - деп жазды boxingnews24.com Санчестің сөзін. 

Айта кетейік, "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды. 

Реклама
Реклама

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама