Головкин "Канелоны" мазақ етті

© instagram.com/gggboxing

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин америкалы? боксшы Ванес Мартиросянны? ж?дыры?тасуына ризалы?ын білдірді. Б?л туралы боксшыны? промоутері Том Леффлер айтып берді. 

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Ванес Мартиросянның жұдырықтасуына ризалығын білдірді. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтып берді. 

"Әлі ештеңеге қол қойылған жоқ ("Канеломен" қарымта бойынша), қалай болатынын көре жатармыз. Геннадий нокауттар легін жалғастырды. Қатарынан 23 нокауты тіркелді. Головкин Ванестің екі раундта "Канелоның" 12 раундынан артық жұдырықтасқанын айтты. Жекпе-жекке келу мен табыс бойынша StubHub рекордына жеттік", - дейді Леффлер Villainfy Media арнасына берген сұхбатында. 

Мұның алдында Мартиросян алдындағылардың ("Канело" және Джейкобс) өзіне қарағанда жеңіске ұмтылмай, аман қалуды ғана ойлағандықтан толық 12 раунд жұдырықтасқанын айтқан еді. Қазақстандық америкалық боксшыны екінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ванес 5 мамырда Лас-Вегаста Головкинмен қарымта кездесу өткізуі тиіс болған "Канелоның" орнына жұдырықтасты. Бірақ мексикалық допинг-тесттен өте алмады да, бокстан шеттетілді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама