15 тамыз 2022 | 17:50

Головкин Канелоны қулық жасады деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің бокс жүлделерін заңсыз препараттарды қолданбай жеңіп алғанына күмәнданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақтағы WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің бокс жүлделерін заңсыз препараттарды қолданбай жеңіп алғанына күмәнданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі боксшының трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Олар 2017 және 2018 жылдары кездескен еді. Бірінші жекпе-жекте олар тепе-тең түсіп, екінші жекпе-жекте Альварес жеңіске жетті.

"Мен кез келген спортшының жетістіктерін жоққа шығаратын адам емеспін, Канело да көп нәрсеге қолжеткізген. Бірақ ол мұны қалай жасағаны және ол үшін не қолданғаны туралы сұрақтар туады.

Мен бір нәрсе айтарда ойдан шығарғандықтан айтпаймын. Зертханадан алынған нәтижелер бар. Дәрігер суды зерттеу нәтижелері бар екенін айтты. Менен сұрағанда "Иә, ол қулыққа барды дегенге сенемін" деп жауап бердім. Егер олардың командасындағы біреуге менің сөзім ұнамаса, бұл олардың проблемасы", - деп келтіреді Fightnews.info Головкиннің сөзін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Канело Головкинмен екінші жекпе-жегі алдында допингпен ұсталған болатын. Оның допинг сынамасынан аз мөлшерде кленбутерол табылған. Осыдан кейін боксшы алты айға дисквалификацияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная