12 шілде 2022 11:43

Головкин Канелоның жеңілісі туралы айтты

Фото ©REUTERS

WBA Super, IBF және IBO-дан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альварестің жартылай ауыр салмақтағы WBA Super чемпионы ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жектегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еске салайық, Канело төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша жеңілді. Бұл - оның мансабындағы екінші жеңіліс. Бұған дейін Головкин мексикалықтың жекпе-жек нәтижесіне берген жауабын сынға алған.

"Барлығы өз қалпына оралады. Канело - мықты боксшы, 100 пайыз. Бивол да керемет. Ол өте мықты. Бүгінде ол өте мықты. Қазір бәрі өз қалпына келе жатқаны мені қуантады", - деді Головкин DAZN Boxing Show бағдарламасына.

Реклама
Реклама

"Маған бір боксшының: "Ей, жігіттер, сендер бокс туралы ешнәрсе түсінбейсіңдер" деген сөзі ұнады. Бұл адамдардың бокста бәрін біліп, бәрін түсіне қоймайтынын көрсетті", - деді Генадий.

"Көзілдірігіңді шеш". Головкин Канелоға үн қатты

Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин Канеломен үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena аренасында өтеді, онда алдыңғы екі жекпе-жек өткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram