ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қыркүйек 2022 11:31
Головкин Канелоның командасын құттықтады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесуден кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жекпе-жекті неге соншалықты нашар бастағаным ба? Бұл жоғары деңгейдегі бокс. Бәрі де Канелоның кім екенін біледі. Оған қарсы кездесуде сәтсіз қадам жасасаң, сен үшін жекпе-жек бітетінін бәрі біледі. Бір соққы және жекпе-жек жеңіліспен аяқталады.
Канелоның қолын қысып, оның командасын құттықтағым келеді. Ол - ұлы жауынгер. Егер мұны түсінбесеңіздер, ештеңе де білмейсіздер", - деді Головкин.
Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
Ал одан кейін Канело Головкинге алғыс айтқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу