20 маусым 2020 | 11:52

Головкин карьерасын аяқтау жайында cұраққа жауап берді

REUTERS/Las Vegas Sun/Steve Marcus©

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі The Lockdown Tapes арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының YouTube-тегі The Lockdown Tapes арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

38 жастағы Головкин кәсіпқой рингте 2006 жылдан өнер көрсетіп келеді және осы уақытқа дейін 42 жекпе-жек өткізді.

Реклама
Реклама

"Қазір өз ісімнен ләзәт аламын. Отбасым немесе жеке басыма қатысты ұстанымдар кері тартпайды. Бокспен айналысуға уақытым бар, одан рахаттанамын. Ал бокстан ләзәт алмай қалған уақытта бәрін қоятыным сөзсіз. Сонымен қоса, денсаулығым сыр бере бастаса да тоқтатамын.

Қазіргі таңда өзіме жетерліктей жағдай жасадым. Бірақ адамның жаратылысы сол, бәрібір аз болып тұрады. Дамытуға болатын түрлі бағыт бар - рекорд, ақша, жетістік, басқа да - не қалайтыныңа байланысты. 

Әл әзірге қарапайым адамның өмірін кешетінімді елестете алмаймын. Өйткені іштегім, боксқа ұмтылысым ешқашан өлмейді. Қазір көрсетіп жатқаным менімен мәңгі қалады, адам өзгермейді", - дейді Головкин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная