15 мамыр 2023 09:26

Головкин Қазақстан құрамасын құттықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2023 жылғы әлем чемпионатындағы табысымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз!" - деп Головкин Instagram-парақшасында жазды.

Реклама
Реклама

Қазақстан тарихи табысын қайталағанын айта кеткен жөн. Бес финалдың төртеуінде біздің боксшылар жеңіске жетті. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында да Қазақстан құрамасы төрт рет чемпион атанған болатын.

Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Ташкентте әлем чемпионы болса, Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram